Қамаудағы белсенді Әйгерім Тілеужанова ауруханаға жеткізілді

Оның екі көзі ісіп, іріңдеп кеткен


18/10/2023
17:58 13407 0

Фото: Есдәулет Қызырбекұлы/Masa Media

 

Қаңтарда «Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды» деп айыпталып, 4 жылға сотталған белсенді, журналист Әйгерім Тілеужанова ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде оның адвокаты Айнара Айдарханова хабарлады. 

 

Айнара Айдарханованың сөзінше, Әйгерім Тілеужановаға 3 қазанда жедел жәрдем дәрігерлері коньюнктивит диагнозын қойған. Жақынды оның бір көзіндегі коньюнктивит екінші көзіне жұғып, екі көзі бірдей ісіп кеткен. Ауру оның тісі мен жағына да әсер еткен.

 

– Бүгін тергеу изоляторына, Әйгерім Тілеужановаға бардым. 3 қазанда жедел жәрдем дәрігерлері қойған коньюктивит диагнозы бір көзінен екінші көзіне жұққан. Көзі ісіп, іріңдеген. Ауру тісі мен жағына шапқан. Әйгерім Тілеужанова бірнеше күн көзін аша алмай қалған. Екі апта өтті, қарапайым коньюктивит баяғыда жазылып кетер еді. Оған көзді қарайтын кәсіби офтальмологиялық клиниканың медициналық көмегі қажет, – деген Айдарханова Facebook парақшасында.

 

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша айыпталған белсенді, журналист Әйгерім Тілеужанова 4 жылға, тарих пәнінің мұғалімі, белсенді Қалас Нұрпейісов, Жан-Айдар Карменов, Нұрлан Дәлібаев және Ермұхамет Шилібаев 8 жылға сотталған. Олар бірінші сатыдағы сот үкімімен де, тағылған айыппен де келіспеген. Әйгерім Тілеужанова істі «саяси тапсырыс» деп атаған.  

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/10/2023 17:58
13407 0

Уведомление